Ағалар–ай, байлық ғана деп көрсеңдер мына
өмірдің бастауын,
Қалай ғана адаспасын артыңдағы жас қауым.
Сүйсеңдерші бауырыңды, ауылыңды, үлкен
үйдің қара нанды астауын,
Інілерге сүйгізсеңші туған жердің
ұра жыра, тас тауын.
Ағалар–ай, саған қарап
өсіп келе жатыр ұрпақ
кейінгі жас тентек күн,
Мәнін айтып берсеңдерші
кешегі әжем айтатұғын ертектің.
Бабалардан өздеріңе келіп жеткен салт пен
дәстүр, әңгіме, аңыз, дастандар,
Сендерменен тамам болып қала ма деп
зар жыладым, жер тептім.
Ағалар–ай, сендерсіңдер
ел бастайтын алтын айдар бағылан,
Тек сендермен мағыналы
ЕЛТАҢБА мен ӘН ҰРАН.
Сендер баста ұлы көшті, біз ерейік
жүк басуға жараймын ғой, іздегенде табылам,
Алауыздық, бақталастық, тақталастық
бізге қарай өтпесінші.
Жалынам
БАЙЫТ ҚАБАНҰЛЫ