Ағалар–ай

Ағалар–ай, ағасың ғой жалынамын
ұйтқы болшы сұйыққа,
Сендер егер болмасаңдар кім жамау боп
жамалады қиыққа.
Мына қазақ шаршады ғой көтерсеңші иыққа,
Жол тауып бер інілерің тіреліп тұр тұйыққа.
Ағалар–ай, мен шаршадым түсіне алмай
қалдым сірә жат мінезін Күн, Айдың,
Қолдан келер ештемем жоқ бостан босқа шарқ
ұрамын, жылаймын.
Арттан ерген ұл-қыздарың аты сұлу болса дағы
заты қазақ болмай тұр,
Не қыламын айтыңдаршы
сендер барда кімге барып,
кімнен көмек сұраймын,
Ағалар–ай, інің ем ғой
мойныңа мініп өскен кешегі,
Ұғасыңба, осы шақта ел жеріңнің маңдайдағы
қасіреті бес елі.
Сендер сөйтіп жатып алсаң кейінгінің
үміт, үні өшеді ғой өшеді,
Ел тағдырын онда кімдер шешеді.
 
 
 

Байыт ҚАБАНҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *