Үзіліп кетпей ұмтылып,
Бүгінге жеттің арықтап.
Қайранда менің Қазағым.
Қай тағдыр қашан жарытпақ.
Бағыңды қашан дарытпақ?!
Туғанда қазақ көш дедің,
Өлгенде қазақ көш дедің,
Көштің де жүрдің ескермей,
Табаныңды тас тескенін.
Жауға да кетті төстегің,
Суға да кетті ескегің,
Іир да қиыр тағдыр-ай,
Оюуы сынды кестенің.
Елім-айласа естегі үн,
Сексенге келген шалың да,
Көргем жоқ белін шешкенін.
Қаратаудан көш келсе,
Беліне қанжар байлады,
Бесікте жатқан бестегің.
Қайранда менің Қазағым.
Өспедің бірақ өспедің.
Өшпедің бірақ өшпе
Байыт ҚАБАНҰЛЫ