Қауырсын алдым қармадым

Қауырсын алдым қармадым,
Қанатты қақтым самғадым,
Қазақтың жоқтап заңғарын,
Қайғырып қақсап зарладым
Қасыма ешкім келмеді,
Келсе де қайыр бермеді,
Таңымды таңға жалғадым.
Басына түстім балғаның.
Сараң да сараң дүние–ай,
Ештеме таба алдмадым.
Қайранда менің Қазағым.
Табылар ме екен талғамың,
Арылар ме екен зардабың.
Шалғыңды қиса шарықтап,
Тамырыңды үзсе талып қап,
Жаныңа тисе жанып қап,
Жалын боп жандың шалықтап.
Арыңа тисе қылыш боп,
Құйылған бейне құрыш боп,
Көтердің басты анықтап.
Панасыз қыздай жан ықтап,
Паналай жүріп парықта

Байыт ҚАБАНҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *