Жапалақтарға қарағанда, ешкіемердің негізгі қорегі – жәндіктер. Бұл құстардың ерекше аталуы ешкіемердің ешкі және сиыр емеді деген наным-сенімдерге байланысты. Бірақ бұл тек қана аңыз. Негізінде ешкіемерлер ірі-ұсақ қара мүйізділердің таңғы және кешкі табындарын қарсы алады. Өйткені, ол жерде жәндіктер көп. Бір қызығы, олар Италияда да, Германияда да және Францияда да осылай аталады. Ешкіемерлер тобына жататын барлық үкілер түнде жәндік аулауға шебер. Қанаттары, құйрық қанаттары ұзын олар керемет ұшады, ал аяқтарының әлсіз және қысқалығынан жерде жүре алмайды. Ешкіемерлер тек қана ұшып келе жатқан жәндіктерді ұстап алмайды, олар сонымен қатар, гүлшоғырларында, бұтақтарда қонып отырған жәндіктерді теріп жейді. Олардың тұмсығы үлкен болмағанымен, ауыз қиығы өте үлкен. Оның үстіне, олардың ауыз қуысында ұзын, қатты қылтандар бар, олар бұл «аудың» шеберлігін арттырады. Ешкіемерлер түнде қорегін аулап, күндіз демалады. Оларды көбінесе, кешкілік уақыттарда орман шетінен, жол үстінен немесе шабындыдан көруге болады. Сирек жағдайларда ешкіемерлер жәндіктерді жерден де теріп жейді. Ешкіемерлер саусақтарының әлсіз болғандығынан олар ағаш бұтақтарын қапсыра ұстай алмайды. Сондықтан, басқа құстар сияқты көлденеңнен бұтаққа қона алмайды. Сондықтан, олар тек қана жуан бұтақтарға бойлай қонады.