Жапалақтар тундрадан шөлге дейінгі әртүрлі ландшафттарда кездеседі. Біздің планетамызда жапалақтың 144 түрі бар. Жапалақты көргендегі көзге ең бірінші болып түсетін, ол үлкен көздері. Жапалақтардың көзі шынымен де қырағы, бірақ ол егер өз олжасын түнде ауласа, ол тек есту мүшесіне ғана сенеді. Жапалақтардың түнде ұшуына тағы бір себеп, ол өте жұмсақ қауырсыны. Сондықтан жапалақ өте тыныш ұшады да өз олжасын қорқытып алмайды. Сөз соңында жапалақтың қарулануын да айта кету керек. Бұл – өте ұзын және ішіне қарай қайырылған тырнақтар. Олармен жапалақ өз олжасын түйрейді. Жапалақтардың көбінде 2 саусағы алдыға, 2 саусағы артқа қайырылған. Жапалақтар ағаш діңгегінде, жерде, және қарға мен сауысқанның ұясына жұмыртқалайды. Біразы ғана өз ұясын өзі са@лады. Жапалақ жұптар бірнеше маусымдарға дейін сақталады. Ұрғашы жапалақ шар тәрізді домалақ жұмыртқа басады. Алғашқы жұмыртқаны бірінші басқандықтан, балапандардың жастары әртүрлі болады.