Сұңқардың ұсақ түрі қырғидың, өзі тектестерден айырмашылығы көбінесе тек қана жәндіктермен қоректенетіндігінде. Оның қорегі қатарында обыр шегіртке, көк шегіртке, инелік және ірі қоңыздар тұр. Ерте көктемде, жәндіктер аз уақытта бұл ұсақ қырғи тышқандар, жертесерлер және кесірткелерді аулай алады. Қырғилар құстарға өте сирек шабуылдайды. Көктемде қырғилардың жұптасқан самғауларын көруге болады. Олар, қанаттарын сирек бірақ, қатты сермеп, бірінің соңынан бірі қуып, шеңберлей ұшып, кейде тіпті өте жоғары биіктікке көеріледі. Осындай уақытта бұл сымбатты қырғидың созылмалы әуенді «ки-ки-ки» деген дауысы естіледі. Егер басқа құстар ұяда жалғыз тұрса, құстардың бұл түрінен ұялық лек байқалады. Қырғи өз бетімен өзіне ұя сала алады, бірақ, сауысқан, қарға, ұзақтардың былтырғы ұясын қолдануы да жиі кездеседі. Ұзақтар ұяда лек-легімен өмір сүретіндіктен, қырғилар да ондаған жұпқа дейін бір ұяда тұрады. Құстардың ұясы тоғай шетінде, бақтарда, кесілген ағаштарда, саз және шағын ормандарда орналасады. Сонымен қатар олар, ағаш діңгектерінде, өзен бойындағы жарларға, қазылған жерлерге және жыраларға орналасады. Қырғилар өз ұяларындағы тобырды қарғалар мен ірі жыртқыш құстардан белсене қорғайды. Қырғилардың ұясында балшықты тот түсті, қоңыр-қызыл түсті шұбары бар 3-5 жұмыртқа жатады. Алғашқы 10-12 күндері ұрғашы қырғи үнемі ұяда боып балапандарын қорғайды. Қоректі еркек қырғи күніне 57 рет ұядан ұшып шығу арқылы тауып әкеледі. Балапандар есейіп қалғанда, қорек іздеп ұрғашы қырғи да шығады. Ұясына қамқорлық жасаған кездері қырғи, ауылшаруашылығына зиянды жәндіктердің көбінің көзін жояды. Сұңқардың бұл ұсақ түрі қыстаққа Африкаға қоныс аударады. Құстар ереже бойынша тарамдалып, әртүрлі биіктікте ұшады. Кейде ұшып бара жатқан мұндай топтың құрамына жүздеген құс кіреді. Жәндіктермен аражегіш деп аталатын жыртқыш құстардың басқа да түрі қоректенеді. Оның ең сүйікті қорегі – өз ұяларын ұсақ аңдар ініне салатын аралар, түкті аралар. Әдетте аражегіш бұл жәндіктерді орманнан іздеп, олардың жұмыртқасын тапқан кезде табандарымен (аяқ) жерді қазады. Бұл жыртқыш құстың басындағы мамығы ұсақ және қатты келеді. Өзінше мұндай сауыт, аралар мен түкті аралардың шаққанынан сенімді қорғайды. Онымен қоса, аражегіш организмі бұл жәндіктердің уына қарсы тұра алатын деңгейде. Жәндіктерге зейін қойып қарап тұрып, бұл жыртқыштар олардың ұяларын ауып алады. Аражегіштер жапырақты ескі ормандар мен алаңқайларды, ағашы кесілген ормандарды немесе шабындықтарды мекендейді. Өйткені, осындай жерлерден аралардың ұяларын табу әлдеқайда оңайға түседі. Аражегіштер өз ұяларын биік ағаштарға, көбінсе тоғайдың жанына салады.