1. Қолға ұстау, көтеру. 2. Бiр нәрсеге ие болу, тәуелдеу, меншiктеу. 3. Пайда түсiру, кiрiс кiргiзу. 4. Жинау, теру. 5. Үйлену, жұбайлы болу, отбасын құру. 6. Тамақ жеу, iшу. 7. Басқа жердi жаулау, өзiне қарату, бағындыру. 8. Аң ұстау. 9. Иттiң немесе жыртқыш аңның тiстеуi, қабуы. 10. Арнайы жолданған бiр заттың қолға келiп тиюi, жетуi. 11. Белгiлi бiр ұйымға мүше етiп қабылдау: әскер қатарына шақыру немесе белгiлi бiр оқу орнына қабылдау, қызметке орналастыру. 12. Тұрған жерiнен, орнынан қозғау, әкету. 13. Баскиiмдi, не басқа бiр затты шешу, сыпыру. 14. Ажал жету, өлу. 15. Қиып, қырқып тастау. 16. Қызмет орнынан босату. 17. Азайту, кемiту. 18. а у ы с . Са лыстырып көру, байқау. 19. Ауыстыру, тең көру, айырбастау, тең келтiрмеу. 20. Сатып алу. // Күрделi етiстiктiң құрамында тұрып, негiзгi қимылдың жүзеге асу, аспау мүмкiндiгiн көрсететiн, қолдан келу, келмеудi бiлдiретiн көмекшi етiстiк