Сезім серіден болғанда, ойым өрден

Сезім серіден болғанда, ойым өрден,
Құсалы өткен күндердің қайыры елден.
Бұлтты күні не амал боздағаннан,
Көп адамға не абзал кейігеннен?!
Өзегімнен шымырлап шықты мұңым,
Айтшы соны қай кісі ұқты, күнім?
Саған мәлім, қалқатай, мен мұңайсам,
Айға ұлыған арманға күптілігім.
Сыртқы барды түгендеп, ішкі жоғын,
Тәңір жақты тұспалдап түсті жолым.
…Жүрегімнің басында қып-қызыл шоқ,
Аузымды ашсам ұрады ыстығы оның.
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮСІП

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *