Жаздан қалған жақындар, бауыршылар

Жаздан қалған жақындар, бауыршылар,
Жазған күнде жан бар ма хәлің сұрар?!
…Көтере алмай кеудесі күздің дертін,
жапырақтар аспанды ауырсынар!..
Жылап қоя берердей қараса күн,
қар астында шуаққа таласады.
Суығын-ай бауыры қара жердің,
аспанының ауыры-ай қарашаның.
Жаз келеді – дейді ол – жан шуағын,
алам күннің, ақ қардан аршыламын.
…Қар үстінде сүйісіп тұрған ғашық,
жапырақты білмейді-ау жаншығанын…
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮСІП

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *