Бай-төрелердің зорлық-зомбылықтарынан азап шеккен ел 1783 жылы Сырымның бастауымен ханға қарсы күреске шығады. Күрес бірде толастап, бірде жанданып, 1797 жылға дейін созылады. Олар Нұралы ханды тақтан тайдырады. Есім ханды өлтіреді.
Бірақ ол кезде халық бірігіп, жоспар бойынша күресе алмағандықтан, олар жеңіліп қалады. Көтеріліс басшысы Сырым Датов 1802 жылы ханның қолынан қаза табады.
Сырым әрі батыр, әрі шешен, тапқыр, ақылды адам болған. Ол-хан-сұлтандарға қарсы күрескен халық қамқоры, өжет, батыл, адал адам бейнесінде көрінеді. Бір мәжілісте Нұралы хан Сырымнан:
— Ханның құны не болады?-деп сұрапты.
— Ханның құны-бір арба жібектің күлі,-дейді.
— Жібектің күлі болушы ма еді?- дейді хан.
Сонда Сырым:
— Тақсыр, сіздей ханда құн болушы ма еді?-деген екен.
Бір күні Сырымға:
— Қатты адамға мал тұрса,шөп шықпайтын тақыр-дағы,-депті.
Бірде екі адам дауласып ханға келеді. Бұлармен Сырым да келеді. Хан дауды шеше алмайды. Сонда Сырым сөзге араласып:
— Су атасы-бұлақ, сөз атасы- құлақ, жол атасы- тұяқ. Бір дауды шеше алмасаң несіне хан болып отырсың, құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ емес пе?-дейді ханға.
Хан сөзден жеңіліп, малдың тұяғына тұяқ, басына бас беріп, адамдарды разы қылыпты.