Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақтардың басты ұлттық тағамы ет, сүт, май, қымыз, шұбат, т.б. мал өнімдері болды. Жылқы етінен қазы, қарта, жал-жая, шұжық даярланды. Отырықшы қазақ халқы егін егіп, бидай, күшіш, тары, жүгері өнімдерінен түрлі ас даярлай білді. Бау-бақша егіп, жеміс-жидек, көкөніс өнімін алудан да дастарқан молшылығын арттыра түсті.
Қазақтар жылқы сүтінен қымыз, сиыр сүтінен және қой сүтінен айран, қатық, түйе сүтінен шұбат жасады. Етті ұзақ сақтау үшін кептірді, ыстады, сүрледі.
Өзен, көл, теңіз жағалауын мекендейтін қазақтар балық етінен неше алуан ас дайындайтын болған. Қазақтар көршілес ұлттардан қабылдаған бірқатар тағам түрлері де болды.