Бұланбай мен Сүгірәлі бірін- бірі таныған жерден- ақ қарсы ұмтылысып еді, алғашқы сілтескенде- ақ сойылдары шарт-шұрт сынып қалды. Ағып өтісіп, қайтадан қарсы келісіп қалғана, ырғай сапты бұзау түстер екеуінің арқасында сарт- сұрт етті. Көздері қып- қызыл.
Енді екі балуан айқасып, бірін- бірі ала алмай, бірінен- бірі айырыла алмай, қайнасып қалған шойындай болып сіресіп қалған кезде, Жұман жағынан 20 шақты салт атты лап берді. Аттарын сарт- сұрт тебініп, қолдарын шошаңдатып, Бұланбайдың мойнына қыл шыдбырларын тастай бастады.
Бетпе- бет, қолма- қолдан басқаның бәрін иттік, опасыздық деп білетін Сүгірәлі ыза болып кетіп, өз жігіттерін шетінен бір- бір ғана тартып қалып, бес- алтауын ат бауырына түсірді.
Тасыр- тұсыр таяныр келшен Игілік жігіттеріне Бұланбай да көлденең қамшы сілтеді.