Шағалар мен крачкалар

Шағалаларды әрқайсысы өзінің сыртқы бейнесі сақтайды. Бұл ұзын қанатты құс өзінің ашық бояуымен ерекшеленеді, арқасы және қанатының ұшы сәл қарақошқылданып тұрады. Бұл топқа жататын құстардың әртүрлі өкілдерінің салмағы шамамен 40 грамнан 3 келіге дейін жетеді. Тұмсығы созыңқы, неғұрлым тығыз, аяқтары сидам, ұзын, алдыңғы саусақтары жүзу жарғағымен түйіскен. Шағалалар өте ұшқыр, ұзақ ұшады, суда жақсы жүзеді, бірақ, сүңгу жағы жетілмеген, таяз жерлерде ғана сүңгиді. Бұл құстар тамақтарын су үстінде ұшу кезінде және олжасын аңду үстінде, әр жерді кезу жағдайында немесе шағын сулардан ұстап жейді, ал, кейбір түрлері жүзіп жүріп-ақ өз қорегін таба алады. Ұяларын әртүлі етіп, жердегі шұңқырларда немесе өсімдік бұталарының арасында сала береді. Аралдарда, жартастарда, ағаштарда, көл жағалауында, құрылыс ша@тырларында ұя баса береді. Тек кейбір тропикалық крачкалар жұмыртқаларын бұтақтардың разбаларында шайқайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *