Қанатты сүңгуірлер (Пингвиндер)

 Пингвиндер—қысқа қанатты ұшпайтын поляр құсы. Құрғақта олардың қимылы күлкілі, қысқа адымдап, қысқа секіреді. Мұзда немесе қарда олар аяғы және қанатымен ебедейсіз қозғалады, тайып жығылуы да мүмкін. Мұндай ебедейсіздіктен бұл құстар суға тап болғанда құтылады. Пингвиндердің алдыңғы аяғы ескекке айналған, суда жақсы жүзеді, сүңги алады, Жүзу жылдамдығын сағатына 40 шақырым қашықтыққа дейін арттырады, 200 м тереңдікке дейін еркін сүңгиді. Пингвиндердің суда қозғалу жылдамдығы төмендегі дей: олар өз екпінімен судан 1,5 метр жоғары биіктікке көтеріліп, мұз үстіне топ ете қалады. Қанаттары қозғалыс ыңғайына қарай өзгеріп отырады. Бұл құстар суда қанаттарын секундына екі-үш рет сілкіп алған соң зулап ағады. Пингвиндердің төссүйек қыры жақсы жетілген. Ондағы бұлшық еттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтіреді. Ұша алмайды, құрлықта теңселіп, әрең қозғалады. Аяқтары қысқа әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік ұстайды. Пингвиндер суық климат жағдайына ғажап бейімделген. Мұзды аяздардан, үскірік борандардан қаймықпайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *