МУЗА

Әлде көктем, әлде күз, әлде, әлде… білмедім,
Әлдеқайда мен жалғыз, әлде адасып жүргенім.
Әлде алжасып жүргенім, әлденеге маспын ба,
Әлдекімге жете алмай, әлдекімнен қаштым ба?
Мен білмеймін, білмеймін, білгім де оны келмейді,
Көз алдымда әлдене көлеңкесі көлбейді,
Көлеңкесі болған соң, күні барын сеземін,
Қырауланған үмітім жылынарын сеземін.
Әлденеге ауады арманымның аңсары,
Әлдекімді күтуден, бәлкім, ол да шаршады.
Әлде мені ұмытты, әлде мені алдады,
Әл береді үмітім, әуреледі қалғаны.
Әлдеқалай сезімім жүрегімді тербеді,
Әлде, әлде бәрі де еріккеннің ермегі?
Әлдебіреу шақырса еріп кетсем не етеді,
Әлдененің елесін көміп кетсем не етеді?
Әлдекімге күбірлеп «қош» дей бергім келгені,
Әлденеге көңілден көш дей бергім келгені.
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *