Сезінуге мұрсат берші сенің әдемілігіңді

Сезінуге мұрсат берші сенің әдемілігіңді,
Ерініңнің тәттілігін…
Тіл үйірер ме екен-ау?!
Қызыл шарап еркелігі секілді бұл қылығыңды,
Құдайымның алдына да айтып барам,
көкем-ау.
Пешенеме көптеу көрме ерініңнен бір өбуді,
Саған деген осы жырым –
Жас көңілдің жаршысы.
Тым күйдіріп бара жатыр төзе алмастай
жүрегімді,
Қара түнен тамып түскен
Жалғыз құмар тамшысы.
Не етем десең қалауыңда,
Жаным, тәнім құзырыңда,
Періштелер елшілігі секілді ойы ғашықтың.
Біздің сезім – құлақ ұшы лап ететін
қызылы да,
Біздің тірлік – әуре ме әлде сыртындағы
есіктің?!
Сенің көзің махаббатпен қарау үшін
жаралғандай,
Кірпігіңнің бір талында жеті түннің әлдиі…
Саусағыңнан бір сүйгізсең,
Құдайымнан қол алғандай,
Қалқып тұрған тыныштықтың құшағында
қалғиын.
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *