Бұл жолдарды бірге өтерлік

Бұл жолдарды бірге өтерлік,
Бір жан болса, сол шығар,
Деп, келемін,
Тамылжуда,
Жастық әні – жас үміт,
Әлденеге абыржулы,
Әлдекімге асығып…
 
Сам жамырап… самаладай жұлдыздар,
Салқам күйге шомып жатқан шақтарда,
Адамдарды алаламай жұлдыздар,
Алақанға қонып жатқан шақтарда,
Аспан жерге құштарланған шақтарда,
Жер де аспанға сырын ашқан шақтарда,
Айналаға құстар қонған шақтарда,
Ай гүлдері бүрін ашқан шақтарда,
Әрбір сөзден бақыт гүлі бүр атып,
Әрбір демнен сол гүлдердің иісі аңқып,
Бір нәзіктік тұл бойыңды жылатып,
Бір ғажайып ту биіктен күй шалқып,
Тұрған сәтте…
ойды,
мұңды,
төзімді,
Бостандыққа ұшырдым да бір-бірден,
Кеудеме ыстық қыса беріп өзіңді,
Көздеріңнен үнсіз сүйіп тұрдым мен!..
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *