Сұлу мен жаздың ортасы

Сұлу мен жаздың ортасы,
Абдырап қалдым, апырмай!
Махаббат – алтын буындай,
Кеудемде менің маздайды.
Жазды да сүйем сұлудай,
Сұлуды сүйем жаздай бұл!
Жанымды енді жаңғырт, жаз,
Жазбаған жыр көп – мұратым.
…Арқаның жазы – албырт жаз –
Аңқылдап жүрген бір ақын.
 
 
 

Ерлан ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *