Өлеңшілер. Ел арасында ең көп тараған өнерлі топ – осылар. Олар екі
тарапта жұмыс істейді: а) ескі халық өлендерін әнге қосып айтады; ә) жаңа әндерді орындайды. Өлеңшілер өздері де шағын өлең шығарып, жұрт алдында орындап жүреді. Қазақ өлеңшілері туралы, әсіресе, XIX ғасырдағы фольклор жинаушылар құнды мәліметтер қалдырған (Шоқан, Готовицкий, Рыбаков, Эйхгорн, т.б.).