– Жылау да бір бақыт екен!
– Сені алып кетеді ертең…
– Қайтара көрмеші, көкем!
– Жаңа жыл келеді дейді…
– Аяз шал тірі ме еді әлі?
– Е, келсін, мейлі…
– Келмесе әні..!
– Бұл да бір балалық құштар.
– Аяулы сәттердің бірі.
– Аппақ қар – ақ қанат құстар!
– Тек ұшып жүргенде тірі!
– Анау дос біледі мұны…
– Тек ішіп жүргенде тірі!
– Қазір гүл – бір қыздың құны.
– Қымбат қой қыздардың мұңы.
– Түу, мына көлікті қара…
– Ішінде біз жоқпыз оның.
– Бізге тек – сұқтану ғана.
– Сұқтану – тегін!
– Түнімен шулады жастар.
– Тыпыршып шыққаным деші…
– Е, қайда кешегі достар?!
– Өзгенің досы!
– Бір-бірінен аумайтын күндер.
– Ол да бір өтпелі кезең.
– Бақыт бар қонғалы жүрген.
– Мен де бір жақсылық сезем!
– Ақынды түбі ақтар жыры!
– Орғандай қылма тек пішен..!
– Не істейсің жаңа жыл күні?
– Әкесін танытып ішем!
Ерлан ЖҮНІС