Асқақтық туралы аспанда,
Азаттық туралы ақ жұлдыз,
Ақпанар нұрын шашқанда,
Ойладым… өзің туралы;
Жабығу туралы жылдарға,
Жалғыздық туралы шыңдардан,
Зарыға қарап тұрғанда,
Аңсадым… өзің туралы;
Көз жасы туралы нөсерде,
Өткен күн туралы ауыр бұлт,
Күрсініп терең көшерде,
Жыладым… өзің туралы;
Сағыныш туралы түндерде,
Ай нұры әлсіз түскенде,
Үмітім туралы гүлдерге,
Мұңайдым… өзің туралы;
Мәңгілік туралы жолдарда,
Қарсы алу туралы құштарлық,
Мүсін боп қатып қалғанда,
Қол создым… өзің туралы,
О, менің Тәуелсіздігім!
Ерлан ЖҮНІС