Қара өлең. Қазақ фольклорының ең кең тараған, құрылысы қарапайым, тұрақты шумағы мен ұйқасы бар жанры. Қара өлеңнің тақырыбы әр алуан, оның меншіктеп алған әуені болмайды. Мұнда жеке бастың да, қауымның да мәселелері сөз болады. Ол белгілі бір ситуацияға қатысты айтылады, сол себепті оның мазмұны ситуативті болып келеді. Сонымен бірге қара өлеңде нақтылықтан гөрі жалпылық басым болады, онда баршаға қатысы бар, тіпті «мәңгілік» ой мен сезім айтылуы да мүмкін. Қара өлең жастардың ойын сауығында, қыз бен жігіттің сөз сайысында жиі орындалған.