ҮНСІЗДІК

 
Өтірік күле алмаймын,
Күлмеймін қазір,
Көктемін жоғалтып алған тілдейді жазын.
Сен күлген көктем…
Сол көктем ең соңғы көктем,
Есіме түссе еріксіз күндей қызамын.
Ол шақтың қателіктерін балалық дедік,
Өзіңді сүю у берді, бал алып келіп.
Біз осы, қалқам, бақытты тек түсте көріп,
Сағынып айтар ән болып жаралып па едік.
Махаббат деген – сағыныш, жұбату ғана,
Желімен жырлап аңыз ғып тұратын дала.
Өзіңе ешбір естілмеc сыр айтып келем,
Жырменен сызған әдемі бұла тұлғаңа.
Төрт маусым түгел сен жайлы бірдеңе дейді,
Жұмбақтығымен жымитті күлмеген ойды.
Үнсіздік біткен онсызда сырласым менің,
Бір ғасыр бойы үндеме, үндеме мейлі!!
 
Серікбай Әбілмәжін
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *