Туған жерге ту тігілмей,
Мұң тігілді, жын өсіп.
Сенің демің біте қалса,
Менің қаным түгесі.
Кіндігімді көміп кеткен,
Босағаммен бірге мен,
Лас аяқ басқан сайын,
Ластанып күнде өлем.
Жатқа кетсе бар ырысың,
Жалынымда сөнеді.
Кіндігімнен өсіп шыққан
Тамырлар ғой керегі.
Мен туралы жұлдызнама,
Бақыттысың дейді ылғи.
Бар бақытым осы ма еді,
Қан соқталы сор миым.
Алғаш рет көзімді ашып,
Алғаш рет күлгенім –
Туған жерде.
Туған жерім,
туған елім –
күн менің.
Үр дауысты сүйіншіңе
өзім құрбан болайын.
Туған жерің аман деші,
Жұбататын ағайын.
Серікбай Әбілмәжін