ЖАМАНДЫҚ

 
Не боп жатыр ішімде,
Сыбырлайды мен болып.
Жүрмін кеше түсімде,
Жолбарысқа жем болып.
Мынау ненің дыбысы,
Мынау ненің дымқылы.
Бұндай таңы құрысын,
Ілінбеді кірпігім.
Аруақтай елестеп,
Аш жолбарыс қыңсылап.
Жанары ма?
Ол – өшкен
маңдайында бір шырақ.
Аянышты қандай бұл,
Ажалым ба шақырған?
Қолын қанға бояған,
Әзірейілдің атынан.
Айтеу өзім түсінбен,
Сыбырлайды мен болып.
Жүрмін кеше түсімде,
Жолбарысқа жем болып.
 
Серікбай Әбілмәжін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *