Ғашықтық дастандар. Мұнда негізгі сюжет екі жастың
сүйіспеншілігін жыр етеді. Қазақтың ақын-жыршылары мен қиссашылары ғашықтық мәселесіне арналған шығыс дастандарын ғана жырлап қоймай, солар типтес шығармаларды өздері де шығарған. Сөйтіп, «Сейпілмәлік», «Жүсіп-Зылиқа» сияқты таза шығыстық дастандармен бірге сол үлгіде ғашықтық дастандар тудырған («Бозжігіт»). Жалпы, ғашықтық дастандар да
шығыста кең тараған кітаби шығармалардың сюжетіне құрылған. Мысалы, «Мың бір түн» кітабы және Фирдоуси, Низами, Фзули сияқты
классиктер туындылары. Солай бола тұрса да, бұл шығармалар қазақ
топырағында біздің фольклорлық сипатты қабылдаған, эпикалық дәстүрлі мотивтермен, қосымша сюжеттермен, ситуациялармен толыққан. Рас, соның өзінде де бұл дастандар қазақтың ескіден келе жатқан ғашықтық жырларынан ерекше. Мұны кейіпкерлердің мінез-құлқынан, олардың ісәрекетінен, сюжеттің құрылымы мен оқиғалардың дамуынан, т.б. белгілерден көруге болады. Айталық, бас кейіпкерлер сауатты, медреседе оқып, білім алған; екі жас бір-біріне сырттай, түс көріп, немесе басқа жағдайда ғашық болады. Екеуі, әсіресе, жігіт көп қиналады, ұзақ сапар шегеді. Қызды тауып, жолыққанда ол көрген азабын айтады, мұңын шағады, тіпті жылап та жібереді. Ғашықтар сезім күштілігінен естерінен танып, талып
жатады, т.т. Мұнда махаббат экзальтациялық мәнге ие болған.