ҚАЗАҚТАН КЕШІРІМ СҰРАУ

Ояндым шошып қап-қара түннің даусынан,
Күңіренген дала,
Күрсінген, бәлкім, тау шығар?..
Кешірші мені,
Қарашы қара басқанын,
Жаралы жерім, қаралы аспаным,
Сен жаурап қалыпсың ғой,
Аулақ қалыпсың ғой,
Әр жұлдыздың түбіне тығылып,
Қырық құбылып.
Не періштегі айтпаппын,
Не жеңіспен қайтпаппын,
Тым болмаса
Тілімнің астына салып та алмаппын,
Тым болмаса
Омырауыма тағып та алмаппын,
Жастығымды жас сұлуларға арнап ем,
Үйренбеген соң әнді де айтып хорменен,
Жалғыз қаңғып ем,
Оралмастай мәңгі мен.
Шашылған, шашылған қауырсындарың-ай,
Жаныммен ауырсынғаным-ай,
Өзімнен қорынып,
Қасиетті суларға шомылып
Келмекші ем…
Кешірші мені!
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *