..Үйрендім мен солай биікте тұруды

..Үйрендім мен солай биікте тұруды
Көзімнің бір тамшы жасынан.
Содан соң…
Таулар да жылаған,
Дала да жылаған,
Ешкім де болмады себебін сұраған,
Себебін білмеді бір адам.
Олар да өзгерген,
Өзгерген өлеңмен…
…Бір тамшы жас тамып кетпеуін
көздерден,
Күзетіп келем мен,
О, сол бір тұманды жылдардан!
Кешсем де басқа мұң,
Мен енді жоқтаман жылдарды ұрланған,
Мені енді жылата көрмеші, Аспаным!..
 
 
 

ЕРЛАН ЖҮНІС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *