…Бір жарық мекен байқала ма алдан?
Болмаса, тоқта, мен түсем!
Духаналар мен мейханалардан
Мұңымды ішем,
Дерт ішем!
Алдымнан менің жарқылдап, күліп,
Ақжайнақ қалқа қарсы алар!
Маэстро-дос
Саңқылдап тұрып:
«Шайыр келді!» деп жар салар!
Шайыр келді деп, шарабын құяр,
Қыздың ерніндей шарабын.
Даяшы қыздың жанарында ұяң,
Жалт ете қалар жанарым…
Жалт етер сәуле «өкінбе!» деген,
Үнсіздік – әулие,сөз батар…
Маэстро-дос
«Жетімдер»менен
«Өкіл әкені» боздатар!..
Қоздатар бәрін, боздайды дүние,
Бозүміт, бозой, бозарман,
Дәл мендей өлең жазбайды дүние,
Мен дүниедей жаза алман!
Жаза алғам,жазғам,жазықты болғам,
ЕРЛАН ЖҮНІС