Арудың мөлт еттім бе жанарында,
Жарымның лүп еттім бе жүрегінде?
Қоғамның бар шығармын есебінде,
Кезегінде… не жыл, неше күнге…
Өмір сүргім келеді кейде менің,
Шынымен бар шығармын осы өмірде?!.
Мұңлықтар,әулиелердің,жолшылардың,
Арманын аппақ-аппақ аршып алғым,
Келеді,ей, адамдар,айтшы маған,
Мен осы бұл өмірде бар шығармын?!
Білмеймін, қайдан келгем, қайда болғам,
Салдым ба күнге сарай, айға қорған?!
…Мүмкін, ақын шығармын, кім біледі,
Дүние күрсінгенде пайда болған!?.
ЕРЛАН ЖҮНІС