Күрең ат, жабырқайсың, қамықтың ба?
Сағынып Сарыарқаны тарықтың ба?
Тыныштықтан безіп жүрген бір адам мен,
Жолдас боп арып-ашып талықтың ба?
Күрең ат, жабырқама, арқаң босар!
Үйірден бөлген тағдыр қайта қосар!
Жарқырап алдыңнан ай, маңдайыңнан,
Қуаныш, бақытты күн бізді тосар!.
СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ