НІЛДЕДЕ

Осыны ойлағанда бала Сәкен,
Жүрегі сағыныштан
жарылардай.
…Әлі күн соны ойласа ет жүрегі,
Езіліп кететіндей… деп біледі.
Аулаға шығарып ап,
Жалқын Сары,
Қараны –
Қақпа ішінде тепкіледі.
Қарасы – қарт жұмыскер,
Сары – бастық.
Істеткен әрі байлық, әрі мастық,
Жазығы –
Жалшы байғұс жалғыз сөздің,
«Ала алмай ақымызды арып-аштық».
Осы сөз шаншу болып Сарыңызға,
– Тидің, – деп, – артық айтып арымызға.
Таяқтың астына алды сары сайтан,
– Жоқсың, – деп, – біздің санат-санымызда.
– Сандалған сен сияқты белсендінің,
Сұрамас ешкім келіп өлсең – құның.
Дандайсып ен далада кетіпсіңдер,
Жабайы мал боп кеткен өңшең жырын.
Қақпаның тесігінен мұны көріп,
Жас Сәкен ызаланды – жыны келіп.
Адамды айуандай қор санаған,
Іс еді жан шошынып – түңілерлік.
Заманның бұл да болса қатесі екен,
Бастықтар басқаларға жат-өш екен.
 
СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *