Көгершіннің хат жаздым қанатына

 
Терістіктен қоймады жел есуді,
Жел де маған жеткізді елесіңді.
Жадыраған жазымды күз көмкеріп,
Шық сарғайтқан көңілім неге сынды?!
Бұлттар қонды көңілдің күнгейіне,
Бұлттан есіп, хат жаздым сүйгеніме.
Сатып алып… өмірдің базарынан,
Қарасаңшы, көңілге түйгеніме…
Маған біреу өкпелі, наза қылды,
Бірақ, ол да үзе алмас наз әнімді.
Құспен бірге аспандап кеткен сезім,
Елемейді жердегі мазағыңды…
Көгершіннің хат жаздым қанатына,
Жүрек атты гүл ектім дара шыңға!
Бүлк-бүлк еткен тамырдың соғысындай,
Қарап қоям қолдағы сағатыма…
 
Ербол Бейілхан
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *