Ана

Мейірімің шексіз ана, дидарың да Ай сынды,
Ерте оттыққан қоңыр қозың сағынады
дауысыңды.
Сегізімде арман-атқа үкі тағып мінген ем,
Күте-күте білем, ана, төзімің де таусылды.
Балалық-ай, тұратұғын әр нәрсеге құмартып,
Қалған едің, ақ жаулығың көз ұшында
мұнартып.
Көктем сайын келген құспен бір келер
деп күттің бе,
Күрең күздер, кеткен шығар сағынышты
ұзартып?
Қандай, ана, шуақты еді, мейірлене қарасың,
Шексіз дархан, түпсіз терең, сүттей аппақ
данасың.
Сенің тәтті, сенің іңкәр, сенің ұлы
сағынышың жалғайды,
Атқан таң мен батқан күннің арасын.
Менің де, ана, төлге толы тілеуіңмен көгенім,
Әкемін ғой, соларды ойлап езіледі өзегім.
Қоңыр күзде құс қайтқанда жалғыз
өзім кетіп ем,
Биыл көктем, сыңарыммен шұбатылып
келемін.
Дайын ба, апа, сүрің менен құрт, ірімшік,
айраның?
Орындалар бізді көріп, сан жыл күткен
арманың.
Көңіл көншіп, күрең шайды, күліп ұзақ
сораптап,
Немереңді иіскеп, ана, жібір кепкен
таңдайың..
 
Ербол Бейілхан
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *