«Шаңыраққа қара!». Бұл сөздің мағынасы «Тәңіріні
ұмытпа, тәубаға кел»; «От Басын, Үй Ійесін басынба; өзге
елде, өзге үйде қожа болып қоқаңдама, қонақтық жөніңді
біл. Әйтпесе, Тәңірдің, Қыдыр Ійенің, Үй иесінің қаһарына,
қарғы- сына ұшырайсың!» дегенді білдіреді. Шаңырақ –
Тәңірінің, Күннің символы («Таныра» сөзін қараңыз).