Буряттар – Сібірдегі саны басым жергілікті халық, жан басы жарты миллионнан асады. Олар Бурятия Республикасында, Үркіт аумағында және Байкал өлкесінде өмір сүреді. Байкалдың батысы мен шығысын жайлаған буряттардың арасында ұзақ уақыт бойы елеулі айырмашылық болып келген. Үркіт буряттары жартылай православтар, ал жартысы шамандықты ұстанатын және жер өңдеумен несібелерін айырған. Байкал буряттары Моңғолиядан келген буддизмді қабылдап, көшпелі мал шаруашылығын күнкөріске айналдырды.