Татарлар – Ресейдегі саны жағынан екінші орынға ие түркі халықтарының бірі. Олардың тілі қыпшақ тілдік тобына қарайды. Татарлар Татарстанда ғұмыр кешеді, сонымен бірге шағын топтары батысында Тамбовтан, шығысында Омскіден, солтүстігінде Киров пен Пермьнен оңтүстікте Астраханьға дейінгі аумақты жайлап жатыр. Татарлардың дәстүрлі діні – ислам. Татарлардың басты кәсібі бұрыннан жер өңдеу, ағаш, тері өңдеу, әртүрлі әшекейлер әзірлеу болып табылады.