Қалмақтар – моңғол тілдерінің бірінде сөйлейтін Ресейдің еуропалық бөлігінің дербес тұрғындары. Олар Қалмақ Республикасында және көршілес аймақта өмір сүреді. Қалмақтардың ата-бабалары – батыс моңғолдар. Қазіргі қоныстанған аумаққа олар алғаш рет XVII ғасырда ат басын тіреген. Малдың соңында көшіп-қонып жүретіндіктен, қалмақтар киіз үйде тұрған. Киіз үйге қажетті жабдық – ошақтың орнын ештеңе ауыстыра алмайды. Оған тамақ пісіретіндіктен, қасиетті орын саналады. Қалмақтардың негізгі ауқаты қой мен ешкінің еті, ұннан жасалған тағамдар. Нанды ыстық тандыр пешке пісірген.