Чуваштар

Чуваштар – Еділ бойындағы ең ірі халықтардың бірі. Олар Чуваш Республикасында өмір сүреді. Чуваштар туралы алғашқы деректер 1551 жылдан бастап ұшырасады. Орыстар Қазанды бағындыру қарсаңында чуваш жеріне дендей енген. Бұл ел бұрын Еділ Болгариясының құрамына кірген. Чуваштар жер өңдеу, омарта, аңшылық және балықшылық кәсібімен шұғылданады. Чуваштардың дәстүрлі киімінің ерекшелігі оның жағасы, кеудесі мен жеңі әсем әдіптелген, сол сияқты әйелдер бас киімі де, сырғалары мен алқалары тиынмен көмкерілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *