Қолындағы ұстарасы

Қолындағы ұстарасы,
Ұстатпастай
қылпып тұр.
Жатқаның ба,
Жат қолында –
Ханның басы қор болып –
Қандай сұмдық түртіп тұр.
Жалт-жұлт еткен ұстараңыз
Жарқ-жұрқ еткен қанжар ма?
Ханның басы доптай ұшып,
Қанжығаға байланып…
Бірте-бірте мына дүние,
Дау-дамайға айналып…
Мұндай сұмдық болады екен жалғанда!
Сумаңдаған ұстара,
Жылмаңдаған ұстара,
Таба білсе ұтырын
Ұстара да, дұшпан, ә!
Қашып барып шындықтан,
Әлдеқандай сұмдықтан
Сыр тартқандай ұстара,
Тіл тартқандай ұстара
Қанжар емес,
Қылыш емес,
Ханның басын қиып түсті…
Құртақандай ұстара.
Жауға бармай жасандырып,
Ұстараға бас алдырып,
Бұдан артық –
Бола ма екен масқара!
Жанталасып жауда өлмей,
һәм таласып, дауда өлмей.
Сән-салтанат жасамай,
Атқа мініп сау желмей.
Қапияда –
Қамсызда,
Құрбан болып жансызға.
Шаш алам деп ұстара,
Басын алды –
Масқара.
Масқараға – не шара!
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *