Мейірлене аса бір

Мейірлене аса бір,
Бауырына баса бір,
Қос құлынын құшқанда.
Қарап жатпай нәтінде,
Дәл осы бір сәтінде
Қармап қалды дұшпан да.
Оқшырайып оқпаны,
Зеңбіректің доптары,
Топырлады толассыз –
Дәл осы бір тұстарға..

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *