РОЗА ҚЫЗДАР

 
Бұл қалада сонау бір жыл
Роза атты көп еді қыз.
Роза – бұлбұл, Роза – бір гүл,
Деп келетін өлеңіміз.
Әнге бөлеп жаздың түнін,
Көйлектерді киіп түстеп,
Роза қыздар роза гүлін
Жүруші еді сүйіп, иіскеп.
…Роза – әнші, Роза – күйші,
Көз ілеспес оң қолына.
Роза – ғалым, Роза – сыншы,
Қатал өлең жолдарына.
Роза қыздар көп болсайшы,
Роза гүлдей даладағы.
Желмен ұшпай тоқтасайшы,
Сұлулардың орамалы.
 
Сырбай Мәуленов
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *