Аты Мұхтар

 
Аты Мұхтар,
Заты құптар жоқ болса,
Ауыр іс қой аруақтың алдында.
Мұның жөнін
кім бар дейсің байқаған,
Білмесе егер жалғыз құдай құдірет.
Мұхтар болу мүмкін емес,
Қайтадан
Өз анаңнан тусаң-дағы мың рет!
Бұл сөзімді түсінген жан ойласар,
Білсін өзі
Құптамай ма, құптар ма?
Депті Ғабең:
– «Аттың ізін тай басар»
Деген мақал жүрмейді, – деп, – Мұхтарға.
Қайран Мұхаң!
Ай мүйізді арқарым,
Кең Далада туып…
Биік Тауда өлген…
Қайғың сенің – аязындай Арқаның,
Қуанышың – тау бұлағы сау желген.
Айтарым сол:
Үлкенге де, кішіге,
Бұл тірлікте ғұмыр сүрсең тырбанып…
Мұхтар атын иемденген кісіге
Абыройын жүру керек бірге алып.
Басқалардан бөлек сенің үлесің,
Бәрібір ғой кім болса да иесі.
Ұғынғанға –
Мұхтар деген ұлы есім,
Ұлы есімнің бар болады киесі?

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *