Қиын да қысталаң шақта өмір сүрген Құрманғазының әр күйі өмірдің аш өзегін жарып шыққандай ащы шындықты жайып салады.Алдына көп күйлердің қай қайсысын алсаң да,белгілі бір шарты бар дүниелер.
Композиторлардың сондай жақсы шығармаларының бірі -«Айжан қыз» күйі.
Ел басқарып, әкімшілігін құрып журген күйші Дәулеткерей шен-шекпен беделіне бұрын да назар аудара қоймайтын.Ал Құрманғазымен танылып-табысқаннан кейін бірге жүріп, ел аралап, домбыра тартып,өнерге өзгеше көзбен қарайтын болды. Бірде екеуі төнірегіне аты белгілі болған күйші қыз Айжан ауылына келді. Әйелдерді шалғайдан тартқан бұл кездің қатал тәртібіне қарамастан,ол жиын -тойларға, жұрт жиналған жерлерге еркін барып,өнер жарыстарына қатысатын. Айжан қыздың бұл қылығын кейбір керітартпа,ділдар тобыр жақтырмағанымен,қалың көп оның өнеріне өріс тілеп, өзін қадір тұтатын еді. Сондықтан да Айжан қыз келген қонақтарына айрықша қошемет көрсетіп, қуана қарсы алды.
Алғашында халық арасына кең тараған көне күйлерді тартқан ол соңынан қолқалаған көп тілегіне орай өз туындыларын да төгілдірді.
Міне, осы кезде күйші қыздың өнеріне сүйсініп риза болған Құрманғазы қолына домбыра алып, дүниеге жаңа келген өз шығармасына күйші қыздың құрметіне лайық ат бермек ойдатұғын.
Ал бұған дейін шабыт шеңберінен шыға алмай, үнсіз отырған Дәулеткерей Құрманғазы шығарған күйдің Айжан қыз тағдырына ұқсастығын ұғып, оның аты «Айда бұлбұл,Айжан қыз» болсын деді.Үш күйшінің кездесуіне шығарылған өнер ескерткіштеріндегі «Айжан қыз» күйі дүниеге, міне, осылай келген еді.