Мұқан жазда оқыра тиіп шапқылап кететін сиырды жек көріп,момақан, жай жүретін қозы бағуды ұнатты.Қозысын сиыршыларға жапсарлата жайып, Есілдің құзар жарларының көлеңкесінде отырып, түскі ыстықта демалатын еді.Ол он үш-он төртке шыққанда аула адамдарын таңғалдырып,асқан күштілігімен таңылды.
Ауылдың бойдақ малын бағатын,жиырмаға келіп қалған жігіт бар еді,Мұқан жасынан соның серігі болатын.
Шілденің ыстығында жар астында көлеңкелеген өгізшілер мүйіздесіп ойнап жүріп, сүзіскен бойы жар басына шығып кетті. Жасы кіші Мұқан балпан басып, қайырылып келем дегенше,біреуі біреуін жардан құлатып жіберді.Биіктен тақиядан ұшқан құнан өгіз мойын омыртқасы үзіліп,өлді де қалды.
Ауылдағы үлкен кісілердің ұрысып-ұруынан қорыққан сиыршы жігіт торығып жылап жіберді.
-Сен неге жылайсың?-деді сабырлы мінезді Мұқан.
-Көрмейсің бе,бұл жайрағырдың өліп қалғаның?
Ауылға барып хабарлағанша,екі түлік малды қосып сен баға алмайсың. Өзіңді хабар айтуға жіберсем, балпандап кешке дейін жүріп аласың,сен барып келгенше, мұнысы сасып кетеді.Ең болмаса еті қолына тимеген соң, иесі маған өгізшенің құның төлеттіреді.Ол үшін тағы біреудің малың бағуым керек.Жыламай қайтейін…
-Сен жылама,менің қозымды қосып айдап, ауылға жеткіз, мен өгізшені көтеріп,иесіне апарып берейін.
-Қалай көтересің?!
-Ол біздің талпақ қоңырдан ауыр емес,оны мен бұдан да кішкене күнімде көтердім.Бұл саған қиын көрінгенімен,маған оңай,былай мойныма салам да,кете берем,-деп,өліп жатқан өгізді мойнына салып,жардың басына шығарды.-Қозымды сиырыңа қосып айдап келе бер,мынаны апарып тастап алдыннан шығамын.Адымдай кете барды.