Ағаштар неге ашуланады?

 

Жадырап көктем туды.Қар тез еріді де,аз күнде төңірек қарайып,құрғап шыға келді.
Мектепте көшелерді көгертіп,ағаш отырғызу апталығы басталды.Оқушыларды түгел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнады.Орман болса,тап іргеде тиіп тұр.Көшеде ағаш отырғызып,әуреленудің керегі қанша деп ойлады ол.
Бірақ жұрт бір кісідей жұмылып кіріскен істен Алмабек шетте қала алмады.Өз кластастарымен бірге тоғайға ол да барды.Бірнеше жас тал,терек, қайың әкеліп, басқалардың үлгісімен терезе тұсына тізіп отырғызды.
Алмабек осымен істі тыңдыға санады.Өзгелер отырғызған ағаштарын суарып, түбін қопсытып,мәпелеп күтумен болса, бұл оның бірін де істемеді.
Жаз шықты.Көктемде отырғызған ағаштар ешбір күтім көрмеген соң, тамырланып кете алмай,шөгіп, шала-жансар тұрды. Бұл қайғылы халді самал жел өзен бойындағы орманға жеткізді.»Осындай да, осындай Алмабек дейтін бала алып барып отырғызған сіздердің туысқан шыбықтарыңыздың халі мүшкіл екен»,-деп ол сыбырлап бұталарға айтып еді.Ауыздарына сөз тұрмайтын бұталар оны сыбдыр қағып талдарға, талдар қайыңдарға,қайыңдар дереу теректерге жеткізді.Сөйтіп, кең алқапты жалпағынан алып жатқан ну орман Алмабектің қылығын түгел естіді.Бір күні Алмабек орманға барып еді,оны ағаштар қоршап алып,үйіне қайтармады.Алмабекте ес қалмады.Ағашы аздау бір жермен жүгіріп өтпекші болып еді.Ұзын бір ақ қайың жапырақтары жалпылдап алдын бөгей қалды.Алмабек кейін қарай жалт берді.Маңайдағы ағаштар су-су етіп, төңіп келіп қалғанын көрді.Бірнеше солқылдақ көк шыбық жотадан шып-шып еткізіп шарпып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *