ШӘКӘРІМ

Жиырма тоғыз жыл
құдықта жатқан қартым-ай,
Құдықта жатқан қартыммен бірге
ұйықтап жатқан халқым-ай!
Қолжазбалары қор болып
тастай құлыпта жатқан қартым-ай,
Тағдырдың сыны талдырып белді
иыққа батқан халқым-ай!
Шәкәрімдерге бұйырған жер құдық болғаны ма?
Шешендерімнің тілі байланып, быдық болғаны ма?
Қыран ғұмырды қарға тірлікке тап қылып,
Қайран дәстүрім осылай ұмыт болғаны ма?!.
Жиырма тоғыз жыл халқынан жатқан жырақта,
Жиырма тоғыз жыл
қойылып келген сұраққа,
Халқым-ай, енді қалайша жауап берермін,
Шәкәрім сынды дананың бағы
байланып қалса бір оққа!
Байтақ далада бақсыдан қалған моладай
Жиырма тоғыз жыл жанына ешкім жоламай,
Талай жыл ұйықтап, оянып келген халқына
«Құрқұдықтағы» құндақта жатқан баладай.
Жиырма тоғыз жыл мекені болған «Құрқұдық»,
Үстінен талай үдере көшіп ырғыдық.
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *