Алматыда он мемлекеттік мұражай бар.Соның бірі — бір мың тоғыз жүз жетпіс үшінші жылы құрылған археология мұражайы.Онда мыңдаған экспонаттар бар.Экспонаттардың бірі — сақтардың жас жауынгерінің алтындаған киімі.Ол Есік обасынан табылған.Басына төбесі шошақ бас киім киген.Тәжінің ернеуі екі жүзден артық алтын зерлі заттармен әшекейленген.Алтын заттардың әр бөлшегі барыстың, тауешкінің, арқардың, жылқының, құстың кескінімен таңбаланған.Иір мүйізді, қанатты екі аттың мүсіні маңдайында тұр.Мойнына бұралған алтын алқа таққан.Алқада жолбарыстың басы бейнеленген.Сырт киімі — бешпент пен шалбар.Бешпент қызыл былғарыдан жасалған.Шалбарда да алтын әшекей бар.Етіктің қонышына бармақтай алтын әшекейлер жапсырылған.Жейдесінің жағасы мен жеңіне де алтын өрнек қадалған.Қайыс белдіктегі әшекей де кесек алтыннан құйылған.Оған жатқан бұлан мен оның бас бейнесі салынған.Белдіктің оң жағында семсер, сол жағында қанжар.Үлкен екі алтын сақинаның біреуінің бетіне қолына қыран ұстаған адамның басы бейнеленген.Бұл жүзік — мөр.Есік обасынан біздің заманымыздан бұрынғы бесінші — он бесінші ғасырларға тән төрт мыңнаң артық бұйым табылған.Алтын киімді адам және оның қабірінен табылған заттар — дүниежүзілі маңызы бар зор жаңалық.