Адамның жас күнінен ата-анасына,айналасындағы ересектерге басында еліктеу арқылы үйреніп,кейін табиғи түрде бірте-бірте еселене отырып,қоғамдық тұрмыста өзгелермен өмір бойы ұғынысатын негізгі қатынас құралы,туған халқының тілі — ана тілі.
Ана тілі — халықтың замандар бойы жинаған қазынасы,тарихы мен мәдениетінің әрі айнасы,әрі шежіресі, өзін де, өзгені де танып- білетін негізгі құралы.Ана тілі әр халықтың жазуы жоқ кітабы,мектебі жоқта ұстазы болған.Ана тілі халық өсіп,өркендесе дамиды да,халық жоғалса құриды.Ана тілі — барлық ғылым мен білімді үйренудің негігі құралы.Өз ана тілін терең білген адам ғылымның қандай болсын қиын саласына бара алады, оны меңгере алады.
Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады.Жүйесін тауып айтылған сөз жүрекке жетіп, жүйкені босатады.Адам мәдениетінің алғышарты — дұрыс сөйлей білу. Тілін білмген- түбін білмейді.Сондықтан да оны көздің қарашығындай қастерлеу — азаматтығымыздың ең шынайы түрі.